Байқау жұмысы келесі түрде қабылданады:
- 3-5 фотосуреттен тұратын коллаж (негізгі жұмыс);
- коллажда пайдаланылған бастапқы фотосуреттер (3-5 файл көлемінде).
Коллажға қойылатын талаптар:
- тек қарапайым біріктіруге ғана рұқсат етіледі;
- қосымша безендіруге (жазбалар, жиектер, графикалық элементтер, стикерлер, фильтрлер және өзге де өңдеулер) жол берілмейді.
Бастапқы фотосуреттерге қойылатын талаптар:
- әр фотосурет жеке файл ретінде жүктелуі тиіс;
- тек базалық өңдеуге (жарықтық, контраст, мазмұнын бұрмаламай кадрлау) ғана рұқсат етіледі.